Табиғатты қорғау жобаларын әзірлеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлер арасында семинар өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында табиғатты қорғау жобаларын әзірлеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлер арасында семинар өткізілді.

Семинар аясында қатысушыларға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 254-VIII ҚРЗ Заңының ережелері түсіндірілді.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген, 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының құрылыс кодексінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған талаптар бөлігіне ерекше назар аударылды. Департамент мамандары жобалық құжаттаманы әзірлеу және келісу кезінде практикалық маңызы бар заңнамадағы өзгерістерді атап өтті.

Сонымен қатар, семинар барысында материалдарды қарау кезінде дәлелді бас тартудың ең көп тараған себептеріне талдау жүргізілді, құжаттарды дайындау кезінде жіберілетін типтік қателіктердің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Соңында, пікірталас барысында Департамент мамандары қатысушыларға қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері және табиғат қорғау жобаларын іске асыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау ерекшеліктері бойынша толық түсіндірмелер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1260707?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді