
«Табиғатты сақтайық: бұлақтан басталатын жол» экологиялық акциясы
Акция аясында Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері туған өлкенің табиғи байлығын қорғау және қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында бұлақ көзін ашу жұмыстарын ұйымдастырды.
Халқымыздың «Бұлақ көрсең – көзін аш», «Сусыз тіршілік жоқ» деген нақыл сөздерін басшылыққа алған мәдениет қызметкерлері бұлақ маңындағы бей-берекет тасталған қоқыстарды жинап, қураған шөптер мен бұтақтарды тазалап, бұлақтың көзін ашып, айналасын ретке келтірді.
Шара барысында табиғатқа жанашырлық таныту, су көздерін қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде айтылып, әрбір азаматтың табиғатты аялауға қосар үлесі зор екені насихатталды.
Бұлақ – тіршіліктің бастауы, табиғаттың баға жетпес сыйы. Сондықтан оның тазалығын сақтау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақ алдындағы да жауапкершілігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1260198?lang=ru

Жауап қалдыру