
Атырау облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі мен Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі бірлесіп «Тамаша» сауда үйінде «Тегін заң көмегі» акциясын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсету, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру.
Акция барысында бөлім мамандары азаматтарға тегін құқықтық консультациялар беріп, заңнамадағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, жеке өтініштерін қарап, ақпараттық-түсіндіру материалдарын таратты. Сонымен қатар, қатысушыларға жасанды интеллект негізінде әзірленген «Құқықтық чат-бот» агенті туралы жадынамалар ұсынылып, оның мүмкіндіктері мен пайдалану тәртібі жөнінде жан-жақты түсіндірме берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1260531?lang=ru

Жауап қалдыру