«Toro Doro» командасы халықаралық турнирде тарихи жетістікке жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Серіктестерімізді зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Орал қаласындағы Оқушылар сарайының «Toro Doro» командасы Оңтүстік Кореяда өткен FIRST LEGO League Korea Open Invitational 2026 халықаралық турнирінде Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.

Команда Robot Game санатында 545 ұпай жинап, әлемдік рекорд орнатты. Сонымен қатар Rising All Star Award Winner және Vice Champion марапаттарының иегері атанды.

Бұл – көп жылғы еңбектің, табандылықтың және кәсіби жетекшіліктің жарқын нәтижесі. Команданы, жетекшісі Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлын және ата-аналарды осы тарихи жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындырып, робототехника мен технология саласына қызығушылық танытатын жас таланттарға шабыт берулеріңізге тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1260684?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді