ТҮРКІСТАН: ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысындағы денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары және атқарылған жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.
Жиында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев салада атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, вакцинация мәселесіне тоқталды. Өңірде вакцинация жұмыстары жоспарлы және жедел екпе түрлері бойынша жүргізіледі. Жоспарлы екпелер 11 инфекциялық аурудың алдын алуға бағытталған. Атап айтқанда, туберкулез, «А» және «В» вирусты гепатиттері, гемофильді инфекция, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, полиомиелит және адам папилломасы вирусына қарсы егіледі. Барлық екпе тұрғындарға тіркелген емханаларында тегін жүргізіледі.
Облыста дағдарыс санатындағы және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған тұрғынарды тегін медициналық көмекпен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Оларға медициналық көмектің қолжетімділігін түсіндіру жұмыстары тұрақты бақылауда. Осы мақсатта арнайы жұмысшы топ құрылды. Нәтижесінде маусым-шілде айларында медициналық ұйымға көмек алу мақсатында мемлекеттік ұйымдарға 28 719 азамат, ал жекеменшік ұйымдарға 6 086 азамат жүгінді. Яғни жыл басынан бері өңір көлемінде 58 244 азамат медициналық ұйымдардың қызметіне жүгінген.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров медицина саласына бөлінген қаржыны талан-таражға салмай, өз мақсатында жұмсау, сол арқылы тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек ұсыну, саладағы кемшіліктерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауда болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1260767?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді