«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қатысуымен орын алатын топтық төбелестердің, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстар мен түрлі оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Іс-шара барысында жасөспірімдерге және олардың заңды өкілдеріне кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерлерде жүруіне жол бермеу, қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ата-аналармен профилактикалық әңгімелесулер өткізіп, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың, оның қоршаған ортасы мен әлеуметтік желідегі белсенділігін бақылаудың маңыздылығына ерекше назар аударуда. Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың кіммен араласатынына, қайда және қалай уақыт өткізетініне бейжай қарамаңыздар. Уақтылы жүргізілген тәрбие мен тұрақты бақылау – құқық бұзушылықтардың, құқыққа қарсы әрекеттердің және түрлі оқыс оқиғалардың алдын алудың ең тиімді жолы. Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1260149?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді