Жәнібек Мұхамедлауиұлы Сығаевтың рухына арналған «Сырнай сазы – Жәнібек мұрасы» атты еске алу кеші ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Маңырақ ауылдық мәдениет үйінде ауданымыздың мәдениет саласының ардақты ардагері, өмірін өнерге арнаған сырнайшы, мәдениет қызметкері Жәнібек Мұхамедлауиұлы Сығаевтың рухына арналған «Сырнай сазы – Жәнібек мұрасы» атты тағылымды еске алу кеші ұйымдастырылды.
Шара аясында аудандық сырнайшылар байқауы өтіп, оған ауданымыздың барлық ауылдық округтерінен келген өнерпаздар қатысты. Байқау барысында қатысушылар сырнай аспабында өз шеберліктерін көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Еске алу кешінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Бақтиярұлы, аудандық мәдениет үйінің директоры Шәкен Мәлікқызы, Маңырақ ауылдық округінің әкімі, сондай-ақ Жәнібек Мұхамедлауиұлымен бірге еңбек еткен замандастары мен әріптестері сөз сөйлеп, оның адамгершілік қасиеті, өнерге адалдығы мен мәдениет саласына сіңірген еңбегі жайында естеліктерімен бөлісті.
Кеш барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпазтары әсерлі концерттік бағдарлама ұсынып, қазақ әні мен күйінен шашу шашты. Сонымен қатар, Жәнібек ағамыздың отбасы мүшелері де өнер көрсетіп, әке аманатына деген құрметтері мен өнерге деген сүйіспеншіліктерін көпшілікке паш етті.
«Өткенсіз бүгін жоқ», «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халық даналығы – осындай тағылымды шаралардың мәнін айқындай түседі. Жәнібек Мұхамедлауиұлының есімі ауданымыздың мәдениет тарихында алтын әріппен жазылған тұлғалардың қатарында мәңгі сақталады. Оның өнерге деген адалдығы мен халқына қалдырған мол мұрасы кейінгі ұрпаққа өнеге болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/1260331?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді