
Алматы қаласының №87 жалпы білім беретін мектебінің «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушылары мектепті сәтті аяқтап, орта білім туралы аттестат алды.
Салтанатты шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры А. Қабдұлдинов және ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі М. Мұхтаров қатысып, түлектерді маңызды өмірлік кезеңмен құттықтап, алдағы білім жолына сәттілік тіледі.
Құттықтау сөзінде полиция басшылары жастардың білім мен тәрбие саласындағы жетістіктерін атап өтіп, олардың заңды құрметтейтін, отаншыл әрі жауапты азамат болып қалыптасуына жоғары баға берді.
Іс-шара соңында полиция генерал-майоры А. Қабдұлдинов кадет сыныбының түлектеріне кадеттік даярлықтан өткендерін растайтын сертификаттарды салтанатты түрде табыстады.
«Жас сақшы» жобасы – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты, құқықтық мәдениетті және Отанға адал қызмет ету құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1260841?lang=ru

Жауап қалдыру