Жаяу жүргіншілерге арналған негізгі жол жүру ережелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаяу жүргіншілерге арналған негізгі жол жүру ережелері

1. Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі (зебра), жерасты немесе жерүсті өткелі арқылы кесіп өтіңіз.

2. Бағдаршам бар жерде тек жасыл жарық жанғанда ғана жолдан өтіңіз.

3. Жолға шықпас бұрын солға, ортаға жеткенде оңға қарап, көліктердің тоқтағанына көз жеткізіңіз.

4. Жолды жүгіріп немесе кенеттен кесіп өтпеңіз.

5. Жолда телефон қолданбаңыз және құлаққаптың қатты дыбысына алаңдамаңыз.

6. Көлік арасынан немесе көрінуі шектеулі жерден жолға шықпаңыз.

7. Түнгі уақытта немесе көріну нашар кезде жарық қайтаратын элементтері бар киім киген дұрыс.

8. Балаларды жолдан тек үлкендердің бақылауымен өткізу қажет.

9. Жол бойымен жүргенде тротуарды пайдаланыңыз.

Егер тротуар болмаса, жол жиегімен көлік қозғалысына қарсы бағытта жүріңіз.

10. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз.

#Жол қозғалысы Қауіпсіздігі #Қауіпсіз Жол #Жаяу ЖүргіншілерӨткелі #Бағдаршам

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1260390?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді