
«Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзушылықтарды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Кезекті рейд барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 1 әкімшілік хаттама толтырылды.
Абаттандыру қағидаларын сақтау – әрбір тұрғынның азаматтық міндеті. Көшелердің тазалығы, тұрғын үйлердің маңын күтіп ұстау, қоқысты уақытылы шығару, қоршаулар мен іргелес аумақтарды таза ұстау – ауылымыздың көркеюіне қосқан ортақ үлес.
📢 Құрметті тұрғындар!
Баршаңызды абаттандыру қағидаларын сақтауға, тазалық пен тәртіпті бірге қамтамасыз етуге шақырамыз. Ауылымыздың тазалығы мен көркеюі – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
🌿 Тазалық – әр адамның өзінен басталады!
#ТазаҚазақстан #Аманқарағай #Абаттандыру #ТазаАуыл #Тазалық #Экология #ҚостанайОблысы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1261483?lang=ru

Жауап қалдыру