АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ЖАУАПТЫЛАРҒА ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет кірістерінің орындалуы, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы, өрт және судағы қауіпсіздік, ветеринария саласы, сондай-ақ Қараспан ауыл округіндегі санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жан-жақты қаралды.
✔️Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жомарт Қоспанов өрт қауіпті кезеңі мен шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде баяндады. Аудан әкімі қауіптің алдын алу жұмыстарын формалды жүргізуге жол бермеуді, қауіпті учаскелерді тұрақты бақылауда ұстауды және халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
✔️Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы индикаторлық көрсеткіштер мен бюджет кірістерінің орындалу барысын баяндады. Орындалмай жатқан көрсеткіштерге байланысты жауапты бөлім басшыларына нақты талап қойылып, жұмысты жандандыру тапсырылды. Бюджет кірістерін арттыру бағытында нақты нәтиже болмаған жағдайда, жауапты тұлғалардың жұмысына тиісті баға берілетіні ескертілді.
✔️Аудандық ветеринариялық қызметі бөлімінің басшысы Әбілда Алибеков баяндама жасап, мал басын бірдейлендіру, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және есеп жүргізу жұмыстарының барысын таныстырды. Аталған бағыттағы жұмыстарды сапалы әрі жүйелі жүргізу тапсырылды.
✔️Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков Қараспан ауыл округіндегі санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жөнінде баяндады. Көшелердің тазалығы, жарықтандыру, балалар ойын және спорт алаңдарының жағдайы, жасыл желектерді күтіп-баптау мәселелері сынға алынды.
✔️Аудан әкімі елді мекендердегі тазалық пен абаттандыру жұмыстары қағаз жүзіндегі есеппен емес, нақты нәтижемен көрінуі керектігін атап өтті.
✔️Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру, 10 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру, 4 жобаны қаржыландыру, заңсыз құрылыс пен қызыл сызыққа енген нысандарға қатысты жұмыстардың барысы қаралды.
✔️Жиын қорытындысында аудан басшысы Азат Оралбаев жүктелген тапсырмалардың орындалуына жауапкершілікпен қарауды талап етіп, әрбір басшы өзіне бекітілген бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуі тиіс екенін қатаң ескертті.
✔️Сонымен қатар индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы, бюджет кірістерін арттыру, өрт және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ветеринариялық жұмыстарды сапалы жүргізу, санитарлық тазалық пен абаттандыру мәселелері аудан әкімінің жеке бақылауында болатынын атап өтті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1261514?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді