«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жоспарлы тексеру жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13–17 шілде аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жоспарлы тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуына талдау жасалып, мекеменің қызметін ұйымдастыру, құжаттаманы жүргізу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау және білім беру саласындағы мемлекеттік функцияларды іске асыру мәселелері зерделенді.

Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды. Аталған бұзушылықтар қызметті ұйымдастыруға және нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын орындауға қатысты болды. Бұзушылықтарды жою, олардың қайталануына жол бермеу және жұмысты жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1261482?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді