
Департаменттің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен (бұдан әрі – МӘС) 2026 жылдың 13-14 шілдесінде Жаңақорған және Шиелі аудандарына көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағасы мен медициналық мекемелер дәрігерлерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023ж. № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары» бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Қағиданың 3-ші параграфындағы «сырттай проактивті куәләндіру кезінде МӘС-ке жолдау тәртібі» жайлы түсініктемелер айтылды. Сонымен қатар алдағы уақытта *алғашқы рет* мүгедектікке шығатын науқастар санын азайту барысында және МӘС-ға жолдаманы сапасыз немесе негізсіз жолдамау туралы жергілікті емхана дәрігерлері мен ДКК төрайымдар арасында жұмысты жақсарту керек екені түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1261241?lang=ru

Жауап қалдыру