Басқарма басшысы Талас және Сарысу аудандарына жұмыс сапарымен барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Е. Байболат Талас және Сарысу аудандарына жұмыс сапарымен барып, облыс әкімі бекіткен Жол картасы аясында аудандық әскерге шақыру пункттерінің жай-күйін зерделеді.

Іссапар барысында шақыру пункттерінің инфрақұрылымының жағдайы және азаматтарды әскерге шақыру науқанын ұйымдастыруға дайындық деңгейі қаралды. Сонымен қатар, әскерге шақыру пункттерінің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейіне тексеру жүргізілді.

Талас ауданында жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы зерделеніп, басқарма басшысы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Ал Сарысу ауданында әскерге шақыру пунктінде анықталған бірқатар проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында жұмыс кеңесі ұйымдастырылды. Кеңес барысында өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аудан әкімдіктері мен жауапты мемлекеттік органдарға облыс әкімі бекіткен Жол картасында көзделген іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1261287?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді