Батырларды тәрбиелеген отбасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Батырлар туралы жадымызды сақтау – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, отбасылық құндылықтарды нығайту деген сөз.
 
Тобыл қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектепте Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Батырларды тәрбиелеген отбасы» атты шығармашылық кездесу өтті. Оған мектеп оқушылары қатысып, бұл кездесу олар үшін жады, отбасы және шынайы отансүйгіштік туралы әсерлі әңгімеге айналды.
 
Қостанайлық ақындар Александра Суслова, Людмила Ковтун және Анатолий Корниенко өз отбасыларының тағдырынан сыр шертіп, соғыстың ауыр жылдарын бастан өткерген әкелері, аталары мен туған-туыстары туралы әңгімеледі. Кездесуде соғыс зардабын тартқан нақты отбасылардың тағдыры ғана емес, қатарында Қазақстан өкілдері де иық тіресе шайқасқан Кеңес халқының үлкен отбасы туралы өлеңдер мен естеліктер айтылды. Бұл – бүгінгі ұрпақты біріктіретін ортақ жады, ортақ ерлік пен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра жайлы сырлы әңгіме болды.
 
Осындай кездесулер жастарға ел тарихы әр отбасының тарихынан бастау алатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Отбасылық естеліктер, аға буынның әңгімелері мен ата-бабалардың ерлігіне деген құрмет арқылы жауапкершілік сезімі, Отанға деген сүйіспеншілік және бейбіт өмірдің қадірін түсіну қалыптасады.
 
Іс-шара «Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы» қоғамдық қорының Қостанай ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайту жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-audany-akimat/press/news/details/1261468?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді