
Целиноград ауданының Нұресіл ауылында «Jańa Dala / Green Day 2026» халықаралық ірі аграрлық көрмесі биыл екінші жыл қатарынан өткізілуде.
Бүгін Нұресіл ауылы тағы да Қазақстанның аграрлық саласының маңызды орталығына айналды. Мұнда ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі халықаралық «Jańa Dala / Green Day 2026» көрмесі өтіп жатыр. Көрме екінші жыл қатарынан ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді, агробизнес өкілдерін, инвесторлар мен сала мамандарын бір алаңға жинауда.
Биылғы көрмеге әлемнің 20 елінен 250-ден астам компания қатысып, 500-ден астам заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, инновациялық жабдықтар, цифрлық шешімдер мен агроөнеркәсіп кешеніне арналған озық технологиялар ұсынылды.
Көрме аясында техникалардың далалық көрсетілімдері, жаңа әзірлемелердің таныстырылымдары, іскерлік кездесулер және отандық әрі шетелдік мамандардың тәжірибе алмасуы ұйымдастырылуда.
Осындай ауқымды халықаралық көрменің Нұресіл ауылында екінші жыл қатарынан өткізілуі Целиноград ауданы, Ақмола облысы және жалпы еліміз үшін маңызды оқиға болып табылады. Бұл агроөнеркәсіп кешенінің дамуына, халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына және ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізуге зор мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-nuresil/press/news/details/1261522?lang=ru

Жауап қалдыру