«Электрондық портал және атаулы әлеуметтік көмек»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін Электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта алу мүмкіндігі қарастырылған.

Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірі – «Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі. Бұл қызмет азаматтарға мемлекеттік органдарға бармай-ақ электрондық түрде өтініш беруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде уақыт үнемделіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдауды алу үдерісі анағұрлым ыңғайлы әрі қолжетімді болады.

Атаулы әлеуметтік көмек (ӘАК) жан басына шаққандағы орташа табысы заңнамада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын отбасылар мен азаматтарға тағайындалады. Өтініш қаралған кезде отбасының материалдық жағдайына кешенді бағалау жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.

Қызметті электрондық форматта алу үшін: электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе бір реттік SMS-құпиясөз арқылы Электрондық үкімет порталына авторизациядан өту; «Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін таңдау; электрондық өтінішті толтырып, қарауға жолдау; өтініштің қаралу мәртебесін жеке кабинет арқылы қадағалау.

Қызметті электрондық портал арқылы алудың артықшылықтары:

мемлекеттік мекемелерге жеке барудың қажеті жоқ;

өтінішті кез келген ыңғайлы уақытта беру мүмкіндігі;

мемлекеттік қызметті алу мерзімінің қысқаруы;

өтінішті қарау рәсімінің ашықтығы мен айқындығы;

қызмет нәтижесін электрондық форматта алу мүмкіндігі.

Кент әкімінің аппараты тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде Электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға кеңес береді. Цифрлық сервистерді пайдалану мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жылдам, ыңғайлы әрі қолжетімді етеді.

«Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу мәселелері бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар кеңес алу үшін кент әкімінің аппаратына жүгіне алады

 

«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/novodolinskiy-shahtinsk/press/news/details/1261305?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді