
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тарапынан интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Аталған жұмыстар аясында Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан сауда орталықтарына, базарларға, сауда орындарына және екінші деңгейдегі банк бөлімшелеріне тұрғындардың назарын интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдеріне аударуға бағытталған ескертпе-манекендер орналастырылды.
🔹 Бейтаныс адамдарға жеке және банк деректеріңізді бермеңіз;
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз; 🔹
SMS арқылы келген кодтарды ешкімге жарияламаңыз;
🔹 Ақша аударымын жасамай тұрып ақпараттың шынайылығына көз жеткізіңіз.
Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі! Интернет-алаяқтардың құрбаны болмаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1261292?lang=ru

Жауап қалдыру