
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Б. Шаимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі А. Жақсылықов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімі, бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Шаменов Темір аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №388 «2026–2028 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Ұсынылған өзгерістер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, сессия барысында күн тәртібіне енгізілген өзге де мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, бюджеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты игерілуіне және алдағы кезеңдегі жоспарланған жұмыстарды сапалы жүзеге асыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-temir/press/news/details/1261430?lang=ru

Жауап қалдыру