
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемесінде сотталғандармен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру, экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу және құқықтық сананы қалыптастыру.
Кездесуге Маңғыстау облысының дін істері басқармасының, Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, «Ақниет» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мамандар сотталғандарға экстремистік және террористік сипаттағы құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндіріп, деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың адамдарды заңсыз әрекеттерге тарту тәсілдері және мұндай әрекеттердің салдары жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау, интернет желісіндегі ақпаратқа сыни көзқараспен қарау, сондай-ақ жазаны өтеу кезеңінде және бостандыққа шыққаннан кейін заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар сотталғандарды радикалды идеялардың ықпалына ермеуге, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға және түзелу жолында берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.
Осындай профилактикалық іс-шаралар қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде экстремистік идеологияның таралуына жол бермеуге және сотталғандардың заң талаптарына құрметпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1260904?lang=ru

Жауап қалдыру