Меркі ауданында судағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тау шатқалына демалуға келген азаматтарға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Іс-шара барысында демалушыларға тек рұқсат етілген орындарда шомылу, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпті аймақтарда шомылмау қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ, қауіпсіздік талаптары жазылған жадынамалар таратылды. Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындар мен қонақтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1261487?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді