
Біздің өңірде жылыту маусымы 7 айдан астам уақытқа созылады, сондықтан қысқа отынды уақтылы дайындау күтпеген мәселелерден арылтады. Отындық сүректі дайындау үшін ең қолайлы уақыт – жаз бен күз айлары.
Сүрек дайындау процесі рұқсат құжаттарын рәсімдеуден басталады. Жергілікті тұрғындардың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз ету олардың орман мекемелеріне берген өтінімдері болған кезде жүзеге асырылады.
Отындық сүректі дайындау үшін бірінші кезекте қураған және суға батқан, аурулар мен зиянкестерден зақымданған, сондай-ақ орман өрттерінің салдарынан зардап шеккен екпелер бөлінеді. Мұндай тәсіл санитариялық-сауықтыру іс-шаралары және орманды ағаш кесу орындарынан тыс қоқыстардан тазарту мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.
2026 жылға облыс бойынша ағаш кесудің барлық түрлері бойынша 503 мың текше метр мөлшерінде ағаш кесу қоры бекітілді.
Әрбір елді мекен үшін барынша қолжетімді ағаш кесу орындары бөлінеді. Объективті жағдайларға байланысты сүрек дайындау орындары елді мекендерден барған сайын алыстап барады. Әлі зерттелмеген және есепке алынбаған қураған және зақымдалған екпелер іс жүзінде қалмады.
2026 жылға арналған жалпы бекітілген ағаш кесу қорынан халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 12 280 текше метр бөлінді, бұл көлем ауылдық округ әкімдерінің тізімдері бойынша белгіленді.
Рұқсат алу үшін тұрғындар жақын маңдағы орман шаруашылығына жүгініп, өтінім береді. Қолданыстағы заңнама шеңберінде (Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 91-бабы) өтінімді қарау үшін бір ай мерзім белгіленген, бірақ өтінім, әдетте, келіп түскен күні қаралады. Қаралғаннан кейін тұтынушы сүрек үшін «Қазпошта» бөлімшелерінде немесе екінші деңгейлі банктерде ақы төлейді және орман шаруашылығымен шарт жасасады.
Тұтынушыға бөлінген орман учаскесінде кесуге белгіленген әрбір ағаш сүрек көлемін бағалау және есепке алу үшін белгіленеді. Орманшы немесе орман шебері тек кесуге белгіленген ағаштың ғана кесілуін қатаң қадағалайды.
Отындық сүрек алуға өтінім берген Солтүстік Қазақстан облысының барлық тұрғындары онымен толық көлемде қамтамасыз етіледі.
2026 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша орман шаруашылықтары бөлінген ағаш кесу қорынан 100,2 мың текше метр сүрек босатты, ұзақ мерзімді орман пайдаланушылар 35,5 мың текше метр босатты. Халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімінен 26 адам отынмен қамтамасыз етілді, босатылған сүрек көлемі 112 текше метрді құрады.
2026 жылғы ағаш кесу қорына арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын атап өтеміз.
Орман шаруашылықтарында санитариялық кесуден алынған отындық сүрек 1 текше метрі үшін 2 500 теңге бағасымен босатылады.
Облыс тұрғындарын отынмен қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу Басқарма мен орман шаруашылықтарының тұрақты бақылауында.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің статистигі
С.Е. Сүлейменова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/1261466?lang=ru

Жауап қалдыру