Өмірін қызметке арнаған: ІІМ ардагерін мерейтойымен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ішкі істер органдарының ардагері Марат Зайдуллаұлы Қасымов 60 жас мерейтойын атап өтті. Мерейтой иесін ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Азат Сейлханов құттықтап, құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде дәстүрлі қазақ шапанын жапты.
Отставкадағы полиция подполковнигі Марат Зайдуллаұлы Қасымов Успен ауданының Қаратай ауылында дүниеге келген. Әскери қызметін өтегеннен кейін есеп-экономикалық техникумға оқуға түседі. Оны 1989 жылы тәмамдап, жолдамамен Екібастұз қаласының патрульдік-постық қызмет милиционері болып тағайындалады.
Кейін учаскелік милиция инспекторы, қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығының орынбасары, әкімшілік қызмет бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. ІІМ Қарағанды заң институтын бітіргеннен кейін кәсіби білімі, мол практикалық тәжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті мен жоғары іскерлік қасиеттерінің арқасында 2000 жылы Павлодар қаласы ІІБ штабының бастығы болып тағайындалды. 2011 жылы құрметті демалысқа шықты.
Марат Қасымов мінсіз қызметі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен бірнеше рет марапатталған.
Полиция саласында ардагерді тәжірибелі басшы, білікті маман әрі дана тәлімгер ретінде жақсы біледі. Әріптестері оны адалдығы, принципшілдігі және жинақтаған тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын тұратындығы үшін бағалайды. Оның өмір жолы — жеке жетістіктерінің тарихы ғана емес, Заңға, қоғамға және өз еліне жанқиярлықпен қызмет етудің жарқын үлгісі.
Ол үшін абырой, жауапкершілік пен борышқа адалдық ешқашан жай ғана сөз болған емес, өмірлік басты қағидаларына айналды.
Ардагерді бүгінде өзі еңбек етіп жүрген банк филиалының директоры да құттықтады.
Салтанатты кездесу соңында Марат Зайдуллаұлы Департамент басшылығына және Ардагерлер кеңесіне көрсеткен құрметтері мен ықыластары үшін алғысын білдіріп, баршаға зор денсаулық, отбасылық амандық, тұрақтылық, бейбітшілік пен жұмыстарына табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1261133?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді