
Жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Ордабасы ауданында тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін суға түсуге тыйым салынған аумақтарда рейдтік іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылуда.
Аудан әкімдігі, Төтенше жағдайлар бөлімі және полиция қызметкерлері бірлесіп өткізген кезекті рейд барысында тұрғындарға судағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, шомылуға тыйым салынған орындарда суға түсудің қауіпті екені қатаң ескертілді.
Нәтижесінде, қауіпсіздік талаптарын бұзған 2 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. 13 адамға полиция қызметкерлері тарапынан ескерту беріліп, 42 тұрғынға қауіпсіздік талаптары жазылған жадынама таратылды.
⚠️ ЕСКЕРТУГЕ ҚАРАМАСТАН ТИЫМ САЛЫНҒАН ЖЕРЛЕРДЕ СУҒА ТҮСУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ!
⚠️ӘРБІР ТҰРҒЫН ӨЗ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ЖӘНЕ БАЛАЛАРЫНЫҢ ӨМІРІНЕ ЖАУАПТЫ ЕКЕНІН ТҮСІНУІ ТИІС!
Аудан тұрғындары мен қонақтарын белгіленбеген орындарда шомылмай, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1261516?lang=ru

Жауап қалдыру