Орташа жылдамдық бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10 шілдеден бастап Ақтөбе – Қандыағаш автожолында көлік құралдарының орташа жылдамдығын есепке алу жүйесі жұмыс істеп келеді.
Жүйе іске қосылған сәттен бері белгіленген орташа жылдамдықты асырудың 12 мыңнан астам дерегі автоматты түрде тіркелді. Анықталған барлық құқық бұзушылықтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес рәсімделеді.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті бұл жүйенің негізгі мақсаты айыппұл санын көбейту емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің тәртібін арттыру және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін еске салады.
Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі көліктің жолдың белгілі бір бөлігін қандай уақыт ішінде жүріп өткенін есептеп, оның бүкіл учаскедегі орташа жылдамдығын анықтайды. Сондықтан тек камераның алдында жылдамдықты азайтып, кейін қайта арттыру арқылы жауапкершіліктен жалтару мүмкін емес.
Жылдамдықты шамадан тыс асыру – ауыр жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі. Жоғары жылдамдық жүргізушінің жол жағдайын дұрыс бағалауына, қауіпке дер кезінде әрекет етуіне кедергі келтіреді, ал тежелу қашықтығы бірнеше есе артады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1261435?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді