Қазақстандық орындаушылар «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалін тағы да бағындырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Витебск, 14-19 шілде 2026 жыл – кезекті «Витебскідегі Славян базары» XXXV халықаралық өнер фестивалі өтті. Ол әлемнің 52 елінен келген қатысушылар үшін тартымдылық орталығына айналды.

Әр фестивальдің негізгі буыны жыл сайын екі қазақстандық орындаушыға жеңіс әкелген вокалдық конкурстар болып табылады.

«Витебск 2026» ХХХV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауының бірінші сыйлығының иегері алматылық әнші Ақерке Амалят болды.

«Витебск 2026» XXIV Халықаралық балалар музыкалық байқауының екінші сыйлығын Астанадан келген 13 жасар әнші Жасмина Тузелова жеңіп алды.

VIII халықаралық «Dream Dance Fest» би жобасына Алматыдан келген «Шолпан жұлдыздары» тобының жас бишілері де қатысты.

Фестиваль бағдарламасында өткен жылдардағы «Витебск» эстрадалық ән орындаушыларының халықаралық байқауының лауреаттарының қойылымдары ерекше орын алды. Олардың ішінде фестивальдің қазылар алқасына кірген Қазақстанның Халық әртісі Әлішер Кәрімов болды. Ол көрермендерге «Мәңгілік махаббат» әнін сыйлады.

Дәстүр бойынша іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың атына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет  және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау жолдауын жолдады. Ол фестивальдің ерекше құндылығын, оның сахнасында түрлі халықтардың музыкалық дәстүрлері кездесетінін, ұлттық орындаушылық мектептер мен өзіндік мәдени ерекшеліктер айқын көрсетілгенін атап өтті.

Витебскіге барар алдында біздің конкурсанттарымызбен және Қазақстанның шығармашылық делегациясының тұрақты жетекшісі Қ.Әбдікәрімовамен Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов кездесіп, оларға осы беделді шығармашылық фестивалінде табысты өнер және  сәттілік тіледі.

«Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. Беларусьтің бетке ұстар іс-шарасы болып табылады. Көптеген жылдар бойы музыкалық форум әртүрлі халықтар мен елдер арасындағы мәдениеттер диалогын дамытуға ықпал етті.

Қазақстандық орындаушылар дәстүрлі түрде фестивальдің жүлделі орындарын иеленуде. Олардың арасында Димаш Құдайберген, Әділхан Макин, Әлішер Кәрімов, Рухия Байдукенова, Алмагүл Батталиева және басқалар бар. Сонымен қатар, олар фестивальдің құрметті қонақтары мен қазылар алқасының мүшелері ретінде конкурсқа жиі шақырылады.

2009 жылы Витебск Жазғы амфитеатрының төменгі террасасында Жұлдыздар аллеясы пайда болды, қазір ол Лауреаттар алаңы деп аталады. Мұнда арнайы марапаттың лауреаттары атаулы белгіні ашуға құқылы: Витебскіде бұл фестивальдің символы – иесінің аты-жөні мен берілген жылы жазылған жүгері гүлі.

2018 жылы Қазақ КСР Халық әртісі, профессор, Беларусь Республикасы Президентінің «Өнер арқылы – бейбітшілік пен өзара түсіністікке» арнайы сыйлығының иегері Роза Қуанышқызы Рымбаева құрметті фестиваль наградасының және лауреаттар алаңындағы атаулы жүгері гүлінің иегері атанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1261480?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді