Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 22-ші отырысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесіне қатысты түзетулер талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Премьер-министрддің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 22-ші отырысының негізгі тақырыбының бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың құқықтық мәртебесі болды.

Талқылау қорытындысында Әлеуметтік және Кәсіпкерлік кодекстерде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесін бекітуге қатысты өзгерістерді ағымдағы түзетулер пакетіне қоспау туралы шешім қабылданды. Бұл мәселені қарауға келесі жылы жаңа режимді қолдану тәжірибесі қалыптасып, оның жұмысының нәтижелері жинақталған кезде оралу жоспарлануда.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылар үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы операцияларға салық салу мәселесін қарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka-eraliev/press/news/details/1261157?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді