
Ақмола облысының шаңғы жарысынан жазғы чемпионаты мен біріншілігі өз мәресіне жетті. Сандықтау ауданының спортшылары жарыста аудан намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Ересек қыздар арасында 5 шақырым қашықтыққа еркін стильде өткен жарыста:
Попкова Тамила – I- орын;
Шлыкова Татьяна – III- орын.
2007–2008 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында 7,5 шақырым қашықтыққа еркін стильде өткен жарыста Беккер Роман II- орынды иеленді.
Жүлдегер спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, биік белестер мен жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1261178?lang=ru

Жауап қалдыру