
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері BMW автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бейнежазбаны анықтады.
– Тексеру нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін алты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ автокөлікте қауіпсіздік белдігін тақпай отырған жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Полицияда атап өткендей, мұндай фактілер ерекше бақылауда. Әлеуметтік желілерге мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі, ал анықталған барлық құқық бұзушылықтарға құқықтық баға беріледі.
Құқық қорғау органдары жүргізушілер мен жолаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын естен шығармаған жөн.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1261110?lang=ru

Жауап қалдыру