
Жетісу облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының камералары жұмыс істеген алғашқы жарты күннің өзінде бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Анықталған деректердің қатарында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген төрт азамат, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қолданыстағы заңнама талаптарын бұзудың өзге де фактілері бар.
Барлық құқық бұзушылықтар бейнебақылау жүйесінің көмегімен дер кезінде анықталып, оқиға орындарына полиция жасақтары жіберілді. Құқық бұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Заманауи бейнебақылау жүйелері полиция қызметкерлеріне жедел ахуалды тәулік бойы бақылауға, оқиғаларға уақытылы ден қоюға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, тіпті аз уақыттың ішінде камералар полицияның араласуын қажет ететін ондаған құқық бұзушылықты анықтауға көмектеседі.
Жетісу облысы Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті сақтау, айналадағы адамдарға құрметпен қарау және жауапты мінез-құлық таныту – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Құқық бұзушылықтың сипатына қарамастан, оның ешқайсысы құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1261405?lang=ru

Жауап қалдыру