
Жыланды ауылында 2006 жылғы мектеп түлектерінің мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара Жыланды ауылдық мәдениет үйінде өтіп, түлектер ұстаздары және сыныптастарымен қауышып, өткен күндерді еске алды.
Кездесу аясында туған ауылға деген құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде 2006 жылғы түлектер Жыланды ауылдық мәдениет үйіне ұлттық өнердің символы саналатын домбыра мен қобыздың мүсіндерін (статуяларын) сыйға тартты.
Бұл игі бастама ауылдың мәдени өміріне өзіндік үлес қосып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және мәдениет үйінің келбетін көркейтуге бағытталған. Осындай тағылымды кездесулер туған ауылмен байланысты нығайтып, кейінгі ұрпаққа өнегелі үлгі болмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1261280?lang=ru

Жауап қалдыру