
Бүгін, 2026ж. 23 шілдеде, аудан әкімі Ерлан Жаров Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен жұмыс тобының отырысын өткізді.
Кездесу барысында ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тұрақты қызметін қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, қызметкерлердің жалақы деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек ұжымдарын сақтау, салықтық және әлеуметтік міндеттемелерді уақтылы орындау, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нысандарын қайта бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аудан әкімі жұмыс берушілердің өз қызметкерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығын, жалақыны уақытылы төлеуді және міндетті төлемдер бойынша берешектің қалыптасуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларына тиісті ұсынымдар берілді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасып, тұрақты бақылауда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/1262152?lang=ru

Жауап қалдыру