Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкіліне әрбір азамат жүгіне алады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Өз құқықтарының бұзылғанын деп есептейтін әрбір адам Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкіліне жүгіне алады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың өтініштері олардың әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және өзге де мән-жайларға қарамастан қаралады. Тұрақты негізде азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі. Қабылдау барысында азаматтар өз мәселелерін баяндап, кеңес алып, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдем көрсету туралы өтініш жасай алады.

Жеке қабылдау – әрбір адамның мемлекеттік органдарға жүгіну жөніндегі конституциялық құқығын іске асырудың қолжетімді тетіктерінің бірі. Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі азаматтармен ашық диалог жүргізуге және заңда көзделген өкілеттіктер шегінде көмек көрсетуге әрдайым дайын.

Жеке қабылдауға жазылу 8(7182)373075 телефон нөмірі арқылы жүргізіледі. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1261863?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді