Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында офтальмология саласындағы заманауи жоғары технологиялық операциялардың толық спектрі орындалады. Пациенттерге катаракта мен глаукоманы хирургиялық емдеу, көзішілік линзаларды имплантаттау, витреоретиналдық және реконструктивтік хирургия, сондай-ақ донорлық мөлдір қабықты трансплантаттау қолжетімді.
2026 жылдың басынан бері Орталық қалалық клиникалық аурухананың мамандары мөлдір қабықты трансплантаттау бойынша 12 операцияны сәтті орындады. Көптеген пациент үшін бұл операциялар көру қабілетін сақтап қалуға, оның сапасын жақсартуға және өмір сүру сапасын едәуір арттыруға нақты мүмкіндік болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1262139?lang=ru

Жауап қалдыру