Ақтауда көпбалалы аналар мемлекеттік төсбелгілермен марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 шілде күні Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиын барысында 12 ана «Алтын алқа», 40 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталып, барлығы 52 ана мемлекеттік награданың иегері атанды.

Іс-шара барысында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекнұр Балиұлы көпбалалы аналарға ізгі тілегін білдіріп, қала әкімі атынан марапат иелерін құттықтады.

-Барша марапат иелерін осы қуанышты күнмен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін, – деді Бекнұр Балиұлы.

Өз кезегінде мемлекеттік награда иегерлері көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, мұндай марапаттың ана еңбегіне берілген жоғары баға екенін атап өтті.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1262080?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді