
Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М. Бекмағанбетов азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау тәртібін, сонымен қатар балалардың жазғы тынығу лагерлерін лицензиялауға қатысты сұрақтар қойды.
Департамент басшысы азаматтардың сауалдарына қатысты ақпарат беріп, заңнама талаптарына сәйкес, түсіндірме жасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1262068?lang=ru

Жауап қалдыру