
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қаласы әкімдігінің ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілімен бірлесіп, өндірістік жарақаттанудың қайталануына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ «ASTER Автомобили» ЖШС филиалында орын алған резонанстық жазатайым оқиғадан кейін алдын алу шараларын іске асыру үшін автокөлік құралдарын сату және оларға техникалық қызмет көрсету саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне кешенді мониторинг жүргізді (Mycar Uralsk, Toyota center, Geely Uralsk, CHERY, ZHAYIK HYUNDAI MOTORS, Наval Уральск, Jetour Uralsk, Altyn Uralsk, KIA в г.Уральск, Exeed Uralsk).
Атап айтқанда, пайдаланылатын жүк көтергіш-көлік жабдықтары мен жүк көтергіш механизмдердің техникалық регламенттер талаптары мен еңбекті қорғау нормаларына сәйкестігі тұрғысынан іс жүзіндегі техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бағалау, сондай-ақ автосалондардың жұмыскерлері мен басшы құрамы арасында құқықтық сауаттылық пен еңбек қауіпсіздігі мәдениеті деңгейін арттыру мәселелері қаралды.
Орал қаласының негізгі автосалондары мен автокөлікке қызмет көрсету орталықтарын аралау барысында пайдаланылатын жабдықтарға визуалды мониторинг жүргізілді. Жүк көтергіштер мен платформаларды адамдарды орнынан қозғалту және тасымалдау үшін пайдалануға жол бермеуге ерекше назар аударылды.
Араланған автосалондардың қызметкерлерімен, техникалық персоналымен және бөлімше басшыларымен мынадай бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімелері өткізілді: қауіпсіздік техникасын сақтау, жеке және ұжымдық жауапкершілік, міндетті нұсқамалар.
Облыс кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселесі Департаменттің тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1262046?lang=ru

Жауап қалдыру