Экономика, сауда және климатты қорғау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиа, 2026 жылғы 22 шілде – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінде Қазақстанның Бразилиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтің Бразилияның халықаралық сауда, инвестициялар және орнықты даму институтының (IBCIS) президенті Велбер Бараллмен және Бразилия климат институтының (ICBVH) директоры Аугусто Браунмен кездесулері өтті.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын экологиялық күн тәртібінің бірқатар бағыттары бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Болат Нүсіпов әңгімелесушілеріне Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы, оның ішінде 2026 жылғы
1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі, алдағы бір палаталы Құрылтайға өтетін сайлау және «Қазақстан Халық Кеңесінің» құрамын қалыптастыру жөнінде ақпарат берді.

Келіссөздер барысында бразилиялық бірқатар компаниялардың қатысуымен нақты жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Өз кезегінде Қазақстан Елшісі нәтижелі ынтымақтастық үшін сұхбаттастарына алғысын білдіріп, екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай Қазақстан-Бразилия екіжақты қатынастарын нығайту мен кеңейтуге қосқан үлестері үшін Елшіліктің Алғыс грамоталарын табыс етті.

Анықтама: Бразилияның халықаралық сауда, инвестициялар және орнықты даму институты (IBCIS) халықаралық сауданың орнықты дамуына, шетелдік инвестицияларды тартуға және бразилиялық компаниялардың шетелдегі инвестицияларын кеңейтуге бағытталған қызметтер мен жобаларға техникалық және операциялық қолдау көрсететін ұйым болып табылады.

2024 жылы құрылған Бразилия климат институты (ICBVH) климатты тұрақты әрі тиімді қорғау мақсатында мемлекеттік саясат, өнеркәсіп және қолдау ұйымдары арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Институт мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Бразилияның түрлі штаттарының билік органдарымен тығыз жұмыс жүргізеді. Оның негізгі мақсаты – экономикалық мүдделер мен климатты тиімді қорғау арасындағы тепе-теңдікті зерттеу, сондай-ақ СО₂ шығарындыларын азайтуға ықпал ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1262183?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді