Кезекті брифинг өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ұлытау облысы дін істері басқармасының басшысы Төлегенов Дулат Рашидұлының қатысуымен кезекті брифинг өтті.

Брифинг барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындылары таныстырылып, өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді нығайту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастардың діни сауаттылығын арттыру және деструктивті діни идеологиялардың алдын алу бағытында жүзеге асырылған жұмыстар туралы баяндалды.

Кездесу барысында БАҚ өкілдері жастар арасында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған жобалар, теологтар мен ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысына енгізілген жаңа бастамалар, тіркелген діни бірлестіктердің қызметі және жалған діни ақпараттың таралуының алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде өзекті сұрақтарын қойды.

Барлық сауалдарға жан-жақты жауаптар беріліп, өңірде қоғамдық келісім мен діни тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1262087?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді