
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ағымдағы жылдың 20–26 шілде аралығында республика көлемінде «Аулалардағы қабылдау» республикалық акциясы өтіп жатқанын хабарлайды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықпен тиімді кері байланыс орнату, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу.
Акция аясында қала тұрғындары мен қонақтары учаскелік полиция инспекторлары мен полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырған мәселелер бойынша тікелей жүгініп, құқықтық кеңес ала алады. Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздікке қатысты ұсыныстары мен өтініштері қабылданып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырады және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы бірлескен іс-қимылдың маңыздылығын атап өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1261905?lang=ru

Жауап қалдыру