
Басши ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында азаматтарға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, әрбір тұрғынның жеке ұялы телефонына eGov Mobile мобильді қосымшасы орнатылып, тіркелуге көмек көрсетілді және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімделіп берілді. Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-basshi/press/news/details/1261669?lang=ru

Жауап қалдыру