Нұрлан Ахметов жаңа қазандықтың құрылысын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Ахметов Балкашино ауылындағы жаңа қазандықтың құрылыс барысымен танысты. Көшпелі кеңеске мердігер ұйым – «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС-нің және техникалық қадағалау өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 10 жұмысшы мен 2 бірлік арнайы техника жұмылдырылуда. Сыртқы инженерлік желілерді тарту және дәнекерлеу тігістерін өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар аумақтың деңгейін теңестіру үшін топырақ төсеу, сумен жабдықтау және кәріз желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ электрмен жабдықтау желілерін жүргізу, кешенді трансформаторлық қосалқы станцияны (ТҚС) орнату, сыртқы жарықтандыру жүйесін монтаждау және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Нысанды аралау қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуінің маңыздылығына назар аударып, мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1261802?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді