
-
-
- Байқаудың негізгі мақсаты
«Қазақстан – менің көзіммен» – шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған онлайн сурет салу байқауы.
Байқау қатысушылардың Қазақстан туралы көзқарасын, елге деген сүйіспеншілігін, тарихи-мәдени мұрасын, табиғатын, ұлттық құндылықтарын және болашаққа деген арман-тілектерін шығармашылық тұрғыдан бейнелеуге бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаттары:
– шетелдегі этникалық қазақ балалардың Қазақстанмен рухани байланысын нығайту;
– Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу;
– жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– дарынды этникалық қазақ балаларын анықтау және қолдау көрсету;
– балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Байқауға шетелде тұратын 12–17 жас аралығындағы этникалық қазақ балалары қатыса алады (ұлты қызық шетел азаматы екенін растау үшін өз жұмысымен бірге төл құжатының көшірмесін жіберу міндетті);
- Байқауға ұсынылатын сурет «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбына сәйкес болуы тиіс.
- Қатысушы жұмысын жіберерде міндетті түрде төмендегі ақпараттармен қоса жіберу керек:
– Өзі туралы ақпарат (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын мектебі мен сыныбы, байланыс нөмері);
– Өзін таныстыру, салған суретін түсіндіру мақсатында ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнежазба;
-Суретті өзі салғанын растау үшін ұзақтығы 3 минуттан аспайтын сурет салу процессінен бейнежазба және байқау тақырыбынан бөлек басқа да бірнеше туындыларын қосып жіберу керек.
- Жұмыстар 2026 жыл 28 тамызға дейін oqbaiqau@gmail.com эл-поштасында қабылданады;
III. Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар
- Байқауға қағазға салынған суреттердің электрондық нұсқасы қабылданады.
- Қатысушылар келесі құралдарды пайдалана алады:
o қарындаш;
o түрлі-түсті қарындаш;
o фломастер;
o акварель бояулары;
o гуашь;
o майлы бояулар;
o пастель;
o көмір;
o маркер;
o акрил бояулары;
o гельді қаламдар және басқа да көркем сурет салу құралдары.
- Суреттер келесі тақырыптарды қамтуы мүмкін:
o Қазақстанның табиғаты;
o тарихи және мәдени ескерткіштер;
o ұлттық салт-дәстүрлер;
o қазақ халқының тұрмысы;
o ұлттық мерекелер;
o Қазақстанның көрікті жерлері;
o болашақтағы Қазақстан туралы арман-тілектер.
- Бір қатысушы бірнеше жұмыс ұсына алады.
- Байқауға тек авторлық жұмыстар қабылданады.
- Жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген суреттер қабылданбайды.
- Қатысушы байқауға ұсынған жұмысын ұйымдастырушының ресми интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерінде және көрмелерде көрсетуге келісім береді.
- Жұмыстар JPEG, JPG, PNG немесе PDF форматында қабылданады.
- Бағалау критерийлері
- Тақырыпқа сәйкестік
Жұмыстың «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбын қаншалықты толық және мазмұнды ашқаны бағаланады.
- Шығармашылық көзқарас
Қатысушының идеясының ерекшелігі, қиялы мен шығармашылық шешімдері бағаланады.
- Көркемдік шеберлік
Сурет салу техникасы, композициясы, түстер үйлесімі, пропорция және жалпы орындау сапасы бағаланады.
- Ұлттық мазмұн
Қазақстанның мәдениеті, тарихы, табиғаты және ұлттық құндылықтарының көркем бейнелену деңгейі ескеріледі.
- Эмоционалдық әсер
Жұмыстың көрерменге әсері, автордың сезімі мен ойын жеткізу деңгейі бағаланады.
- Байқау мерзімі
Байқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 17 маусымнан бастап
28 тамызға дейін қабылданады.
- Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз қазылар алқасының шешімімен анықталады.
Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
I орын – Ноутбук;
II орын – Планшет;
III орын – Смарт сағат.
Ынтыландыру сыйлықтары – «Бестемше» ойыны.
Үздік жұмыстар ұйымдастырушылардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады және онлайн көрмеге ұсынылады. Сонымен қатар, үздік деп танылған 10 қатысушы қажет болған жағдайда жұмысын өз қаражаты есебінен «Отандастар қоры» КеАҚ-на жіберу қажет
-
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-turkmenbashi/press/news/details/1262097?lang=ru

Жауап қалдыру