
Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен 2025 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында аудандағы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал және оны тұрақтандыру бағытында қабылданып жатқан шаралар, Сандықтау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының туберкулезге қарсы іс-шараларды жүзеге асыруы, жазғы демалыс кезеңінде мектеп оқушылары мен туберкулез ошағындағы байланыста болған балаларды сауықтыру, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, амбулаториялық ем қабылдап жүрген туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік қолдауға қаржы бөлу, туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру, сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оларды құжаттандырудағы жергілікті полиция қызметінің рөлі мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1262105?lang=ru

Жауап қалдыру