
Сарқан ауданының тумасы, талантты баскетболшы Нұрболатқызы Арай қыздар арасындағы U18 Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, ел қоржынына күміс жүлде салды.
Халықаралық додада жоғары шеберлік пен табандылық танытқан Арай еліміздің намысын абыроймен қорғап, Қазақстан құрамасының тарихи жетістікке жетуіне өз үлесін қосты.
Бұл – тек спортшының ғана емес, Сарқан ауданының да мақтанышы. Жерлесіміздің жетістігі өскелең ұрпаққа үлгі болып, жас спортшыларға жаңа белестерді бағындыруға жігер беретіні сөзсіз.
Нұрболатқызы Арайды және Қазақстан ұлттық құрамасын жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алда толағай жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1262039?lang=ru

Жауап қалдыру