
25–26 шілде күндері Сіздерді Creative Aimaq креативті индустриялар көрме-жәрмеңкесіне шақырамыз! Бұл алаңда Шығыс Қазақстан облысы өзінің үздік шығармашылық жобаларын, жергілікті брендтерін, қолөнер, мәдениет пен туристік әлеуетін таныстырады.
Сіздер үшін:
театрландырылған қойылым;
Шығыс Қазақстанның үздік өнерпаздарының концерттік бағдарламалары;
Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі;
балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтар;
интерактивті VR-аймақтар;
Шығыс Қазақстан облысының көркем туристік аймақтарының біріне екі адамға арналған туристік жолдаманың ұтыс ойыны.
Өткізу күні мен орны: 2026 жылғы 25–26 шілде, QAZAQ CREATIVE HUB, Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2.
Шығыс Қазақстанның креативті әлемін бірге ашайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik/press/news/details/1262125?lang=ru

Жауап қалдыру