Суға түсу маусымындағы қауіпсіздік – басты назарда.  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – аса маңызды міндеттердің бірі. Осыған байланысты Жангелдин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі суға түсу маусымы басталғаннан бері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

 Балалар мен жасөспірімдердің судағы қауіпсіздік ережелерін меңгеруі мақсатында аудан мектептерінде 16 профилактикалық сабақ өткізіліп, оған 199 оқушы қатысты. Сонымен қатар ата-аналардың WhatsApp топтарына судағы қауіпсіздік қағидалары туралы 401 ақпараттық жадынама жолданып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында елді мекендерде 11 тұрғындар жиыны өткізіліп, оған 262 адам қатысты. Бұдан бөлек, балық аулаушылар арасында 151 азаматқа су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Тұрғын үйлерді аралау барысында 1203 тұрғынға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Бүгінде Жангелдин ауданы бойынша суға түсуге тыйым салынған қауіпті учаскелерге 22 ескерту белгісі орнатылған. Оның ішінде тұрғындарды ақпараттандыруға арналған 5 ірі баннер орналастырылған.

Суға түсу маусымы кезеңінде құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, аудандық полиция бөлімімен – 38, аудан әкімдігімен – 48, білім бөлімімен – 15 және еріктілердің қатысуымен 14 рейд өткізілді.

         Рейдтік іс-шаралар барысында ата-анасының қарауынсыз су айдындарына барған 11 кәмелетке толмаған баланың ата-анасына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

         Сонымен қатар халықты ақпараттандыру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы да жалғасуда. Жангелдин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында судағы қауіпсіздік тақырыбында 10 бейнеролик жарияланып, тұрғындарға қауіпсіздік талаптары тұрақты түрде түсіндірілуде.

 Құрметті аудан тұрғындары!

         Жангелдин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі баршаңызды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, тек рұқсат етілген орындарда ғана суға түсіңіздер және өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыздар. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – қайғылы оқиғалардың алдын алудың ең тиімді жолы.

Жангелдин ауданының ТЖБ-нің

бас маманы азамттық қорғау

капитаны

                                                                                                                                         І.М.Қапан      

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1261845?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді