
Арқарлы ауылдық округі әкімдігі аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға әкімдік қызметкерлері мен мәдениет, кітапхана қызметкерлері және қоғамдастық өкілдері қатысты. Кездесуде Заңнама талаптарын қатаң сақтау, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде сапалы көрсету және жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Ашық әрі әділетті қоғам құру — ортақ міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-arkarly/press/news/details/1261815?lang=ru

Жауап қалдыру