
2 шілдеден 10 шілдеге дейін Бірлік ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында абаттандыру және аумақтарды санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар барысында Киров көшесінде және орталық алаң аумағында шөп шабу жұмыстары жүргізіліп, орталық балалар алаңындағы тротуарлық плиткалар мен орталық көшедегі асфальт жабындысы тазаланып, сыпырылды. Сонымен қатар, орталық балалар алаңының аумағында және сауда орталығының жанында арамшөптерді жұлу жұмыстары атқарылды.
Жүргізілген жұмыстардың негізгі мақсаты – тазалық пен тәртіпті сақтау, қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту және ауыл тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1261783?lang=ru

Жауап қалдыру