
Ақпарат
Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басшыларымен жұмыс тобының отырысын өткізу туралы
Бүгін, 2026 жылғы 22 шілдеде Тимирязев ауданының әкімі Е.К. Жаровтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізілді.
Отырыс барысында ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің өзекті мәселелері қаралды.
Мынадай мәселелерге ерекше назар аударылды:
1, Қызметкерлердің жалақысының деңгейін арттыруды және жалақыны уақтылы төлеуді қамтамасыз ету.
2, Қосымша жұмыс орындарын құру.
3, Қызметкерлер санын қысқартуға жол бермеу.
4, Жылжымайтын мүлік объектілеріне қайта бағалау жүргізу.
5, Салықтардың, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ берешектің (бересінің) пайда болуына жол бермеу.
Отырыс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларына кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, еңбек және салық заңнамасын сақтауға, сондай-ақ қызметкерлер алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бағытталған тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy-timirazevo/press/news/details/1261826?lang=ru

Жауап қалдыру